"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

16-желтоқсан -Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні!

14.12.2020

Алға негізгі мектебінің  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген   іс-шаралардың  есебі  2020-2021 ж

Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау, Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу, Қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру, патриоттық тәрбие беру, Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында  мектебімізде  7-желтоқсан мен 15-желтоқсан аралығында  біршама  іс-шаралар өткізілді.

«Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның  тарихы» тақырыбындағы  кітап көрмесін  мектебімізде  кітапханашы  ұйымдастырды.

«Тәуелсіздік-тұрақтылық негізі» бірыңғай сынып  сағаттарын  сынып  жетекшілер   барлық  сыныптарда  өткізілді. Бейнежазба, Презентация  арқылы  оқушыларға  Тәуелсіздіктің оңай  келмегенін, Тәуелсіздік  алғалы  еліміздегі  елеулі  өзгерістер  жайлы  айтылып өтілді.

«Тәуелсіздік таңы» бейнероликті  1-9 сынып  жетекшілері  дайындап  ақпарат  құралдарына  жарияланды.

1 сыныптан  бастап  6-сынып    оқушылары  «Бір шаңырақ астында»  сурет  көрмесіне  өз  шеберліктерін  көрсете  отырып  суреттерін  салып, безендірді. 

«Қазақстанның тарихи жолдары» тақырыбында 4-сынып  жетекшісі  сынып  оқушыларымен  Бекенова Г.С. онлайн-саяхат  өткізді.

«Менің Әнұраным»  атты челленджді  мектеп  тәлімгері  Булатова Г.Б. ұйымдастырып, 5-9 сыныптар  арасында  өткізіліп  келесі  мектепке  жолданды.

  «Спорт жолы - дені сау ұлт»  тақырыбында  «Алға , Қазақстан »атты  флешмобты  дене шынықтыру пән  мұғалімі Булатова  О.З.  5-9 сынып  оқушыларымен  өткізіп, салауатты өмір  салтын  қалыптастыру  жұмыстары  жүргізілді.

Мектеп әкімшілігі мен мектеп тәлімгері және  Ұланбасы  1-сынып  оқушыларын  «Жас  қыран» қатарына,  5-сынып  оқушыларын  «Жас Ұлан»  қатарына  қабылдады. Оқушылар  ант  беріп, Отанға  адал  қызмет  етуге  уәде  берді.

«Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» мектепішілік патриоттық байқау тәрбие ісінің меңгерушісі Бакенова С.К. мен музыка пән мұғалімі Отарбаева Р.К.өткізіліп,

    5-9 сынып  оқушылары  арасынан  жеңімпаздар  анықталады, жеңімпаздар фейсбук,инстаграмм парақшаларынан дауыс  жинау  арқылы  анықталады.

  Тәрбие ісінің меңгерушісі :      Бакенова С.К.

Просмотров: 321


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст