БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АЛҒА НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ" ММ
ГУ "АЛГИНСКАЯ ОСНОВНАЯ ШКОЛА" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ РАЙОНА БИРЖАН САЛ

Мы в соц.сетях

    

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

Хлеб-богатство!

Тема урока: Хлеб – богатство!
Цель урока:
1) Хлеб - самая важная вещь в жизни человека
важная еда, говорящая ему, что это не легко
осознание. 

Сабақтың тақырыбы: Нан – дастархан байлығы

Сабақтың мақсаты:

 

1) Нанды қастерлеуге, ас атасы –нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең

маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып

ұғындыру. Нанның қалай дастарханға келетінін айтып оған көптеген

адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.

2) Өмірден алған білімдерін, түсініктерін жетілдіру

3) Еңбек адамдарын сыйлай, нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі суреттер.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру бөлімі

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз! Тек нанмен өлшейді ұлы халық.

2-оқушы:

 

Жанарыңды жұлдыздай жандырып

Өн бойыңа сіңер нағыз дәмділік

Бұл ғұмырда тірі жүрген шағыңда

Сол бір нанды ұмытпассың мәңгілік.

 

3-оқушы:

Алтын күн болғанымен тым алыста

Нұры ортақ оның дағы бұл табыста.

Аппақ ақ мол жағылған дастарханда

Бұйырсын тек қана, тек қуанышқа.

 

ІІ. Негізгі бөлім

 

- Олай болса, бүгінгі сабағымыз « Нан –дастархан байлығы» деп аталады.

1.Көктемде

көк теңіз толқиды.

Күзде

сары теңіз шалқиды (егін)

 

2.Жезге ұқсас сабағы,

Дәні -халық тағамы

Балалар: бидай

 

- дұрыс айтасыңдар (бидайдың суретін көрсетімін)

Күрең қызыл түсі бар,

Тағамдардың асылы,

Қуат берер күші бар. (таба нан)

    Енді мен сендерге нан дастарханға қалай келетінін айтып берейін, жақсылап

тыңдап, түсініп алыңдар. Нан дастарханға әзір болып келу үшін көп еңбек

сіңіру керек.

    Тракторшылар жерді жыртады. Көктемде егіс егіледі, оны суарады. Күзде

егінді жинап алады, жиналған астықты тазалайды, қамбаға құяды дедіңдер.

Онымен жұмысы бітпейді екен. Тазаланған бидайды диірменге тартып ұн

жасап шығарады. Ұнды наубайханаға әкеледі. Онда суға тұз, май ашытқы

қосып қамыр илейді, сонан соң пісіреді. Дайын нанды тиеп дүкендерге тасып

әкеледі. Дүкеннен сатып алынған нан дастарханға қойылады. Көрдіңдер ме

балалар, «нан» дастарханға қандай үлкен еңбекпен келеді. Олай болса, нанды

қадірлей білу керек, үгітпей, шашпай жеу керек.

Ертеде атқа соқа шегіп жер жыртқан.Оны қолмен сепкен.Орақпен орып,

буып , кептірген.Бидайды маялап, бидайды бастырған. Қол диірменге салып ,

ұн жасаған.

  - Балалар «Нан – береке бастауы», «Дастархан көркі – нан» демекші нан

туралы тақпақтар айтсақ.

  Нан туралы тақпақтар

 

1-оқушы:

Ардақты нан, ана мінез, асыл нан,

Жеп үйренгем жаным сүйіп жасымнан.

Бұл күлшеңді мың есе артық дер едім,

Бар дүниенің інжу, гауһар тасынан.

Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан өмірдің ана сүті арқауы

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

- Өлең не туралы айтылған ?

- Нан.

Дастарханға қойылатын дастархан сәні, ең қадірлі ас қалай аталады?

 

Нан – дастархан құты. Нан – тоқтық, нан- байлық.

Дастархан басында әрбір түйір нан қаншама адамның ерен еңбегі, маңдай

тері, аялы алақаны арқылы ғана алдымызға келетінін еш уақытта

ұмытпауымыз керек. Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға болмайды.

Жерде жатқан нан болса, алып адам баспайтын жерге қою керек.

Егер менен Әлемдегі ең асыл не? – дей қалса,бөгелместен:,,Нан’’ – деп жауап

берген болар едім. Себебі нан – әлемнің жарығы , Күннен нұр алады, адамға

Күннің нұрын құяды, оның өмірін күндей жарқыратады’’.- Ыбырай Жақаев.

1- Оқушы:

 

Ақиқаты ежелден ұғып анық

Парасаттың шыңына шығып алып.

Ізгілік пен әдептің биіктігін

Нан –ардақты адал ас,

Кәрі-жас одан аттамас.

Нандай жоқ қой асыл дән,

Жеп үйреген жасыңнан.

Дастарханнан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан.

2-оқушы:  

Ей, балалар, балалар,

Болмаңдар, сірә, нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы,

Бар қасиет нанда бар.

3-оқушы:       

Даланың арынан,

Даланың таңынан,

Даланың жанынан өседі,

Нан – жемісі ол кешегі.

Нан-өмір,

Жеміспен алып келген кешегі.

Нанға пірім деп,

Жырым деп табынам.

4-оқушы:

Нанда өмірдің иісі мен дәні бар,

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан - өмірдің ана сүті, арқауы,

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

5-оқушы:

Еліміздің құдіретін асырып тұрған

Менің де,

Сенің де,

Оның да мерейін үстем қып тұрған

Ол - Нан!

Хормен:

Нанды кім қорлайды,

Аштықтан сол сорлайды.

- Балалар, нан неден алынады?

- Бидайдан

- Бидай астық тұқымдасына жататынын білесіңдер ме? Ендеше сендерді

астық тұқымдасына жататын дақылдармен таныстырайын.

 

Сахналық көрініс:

Бидай:

Нан анасы бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім толып піскенде

Қауызыма сыймаймын.

Арпа:  

Күміс мұртты арпамын,

Ырыс құтты арпамын.

Еңбек етіп баптаған

Еліме сый тартамын.

Тары:  Аружан

Ақ, қарамын, сарымын,

Мен өнімді тарымын.

Халқым еңбек сіңірсе,

Қайтарамын қарымын.

Сұлы: Бекасыл

Мен сұлымын, ұланның

Тұлпарына ұнадым.

Баптаған әр диқанға

Басымды иіп тұрамын.

Күріш: Еркебұлан

Күнді сүйген күрішпін.

Күллі жұртқа ырыспын.

Алсын деп ел мол өнім

Ала жаздай су іштім.

Көрініс: «Қайдан келдің, бауырсақ?»

Автор:

 

Дастарханда шашылып

Жатты аппақ бауырсақ

Бауырсаққа қызығып

Қарап тұрып көзін сап.

Қуыршақ

-Қайдан келдін бауырсақ?

Бауырсақ

-Дүкенен келдім нан сатқан

-Наубайдан келдім нан жапқан

Қуыршақ

-Наубайға келдін қай жақтан?

-Диірменге келдің қай жақтан?

Бауырсақ

Диірменен келдім ұн тартқан

Даладан келдім жан-жақтан.

Жер-анам менің көсілген

Дихандар мені өсірген

Арғы жағым ақ бидай

Тәттімін жеп көр бақшимай

Жесен өзің байқарсың

Рахмет айтарсың

- Балалар, бауырсақтың қайдан, қалай келгеніне тоқталайық. Қырманнан,

диірменнен, наубайханадан, дүкеннен дастарханға келген. Нан –

дастарханның көркі. Олай болса, мына суретке назар аударайық. Ауылда той

дастарханының сәні – бауырсақ. Бауырсақты ауылда әжелер мен апалар қара

қазанға пісіреді.

Қазан маңында бауырсақ жеп жүрген балалар ерекше көңілді.

- Балалардың көңілді, әрі қуанышты өмір сүруі үшін дастарханға келетін бір

түйір нанға қаншама адамның маңдай тері сіңеді. Енді соған тереңірек

тоқталайық.

- Ерте көктем келісімен адамдар трактормен жер жыртып, дән себеді. Оны

күтіп, баптайды. Тыңайтқыштар сеуіп, арам шөптерін жұлып, зиянкестерге

қарсы дәрі сеуіп жаз бойы егін басында жүреді.

- Егін піскен кезде адамдар оны комбайнмен жинауға кіріседі. Күн демей, түн

демей егін алқабында егін жинаумен болады. Жиналған егінді машинаға

құйып, диірменге апарады.Диірменде бидайдан ұн тартады. Ұнның үш сорты

болады. Ұнды қапқа салып, вагондарға тиеп, қалалар мен ауылдарға

жөнелтеді. Қапқа салынған ұн наубайханаларға апарылады. Наубайханада

ұнның әр сортынан нан түрлері пісіріледі. Наубайханада ұннан қамыр илеп,

қамырдан нанның формасын жасап, пешке салып пісіреді. Наубайханадан

дүкендерге жіберіледі. Дүкеннен адамдар сатып алып, дастарханға қояды.

Кең даламда дала болып көсілген

Қоңыр күзде ақ самалмен көсілген

Ақ бидайдың толықсыған мұхитын

Ағаларым,апаларым өсірген.

Міне, нанның дастарханға келуі үшін қаншама адамның маңдай тері

сіңеді.Тек қана қазіргі заманда ғана емес ел басына қатер төнген ауыр да

қасіретті күндерде де адамдар егін басында ерінбей, жан аямай еңбек еткен.

Өндірген өнімдерін Ұлы Отан соғысына жіберіп отырған. Соғысқа қатысқан

аталарымызға ас-суды соғыс кезінде елде қалған әйел-аналар күні-түні

жұмыс істеп жіберіп отырған.Соғыс кезінде елде қалған ер азаматтар мен

әйелдер жан аямай еңбек еткен. Сондай азаматтардың бірі – Ыбырай Жақаев.

Ол – күріш атасы деген атпен танымал.

Сонымен бірге Шығанақ Берсиев ата тары егуден рекорд жасаған. Соғысқа

көп-көп қап астық жіберіп отырған. Соғыс аяқталғанмен ел жағдайы бірден

жақсарып кете қойған жоқ. Егін басында ер азаматтармен қатар әйелдерде

еңбек етті. Атағы бүкіл елге тараған Кәмшат Дөненбаева сынды апаларымыз

да бар. Ол - қазіргі кезде немере тәрбиелеп отырған ардақты әже.

 

 

Алтын дән

Жатыр дала жалтылдап,

Жаз шуағын мол құйды.

Күн астында алтын дән,

Тербеледі, толқиды.

 

Оқушы;

Толықсыған тасқындай,

Күн жиектен ұштасып.

Күн астында ақ бидай,

Толқып жатыр тұстасып.

 

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде  жатса баспаңдар.

Жерден алып ардақтап,

Торғайларға тастаңдар.

Толғанай:

Тістем нанның қадірін,

Тарыққанда білесің.

Анық достың қадірін,

Зарыққанда білесің.

Ребус шешу.

 

Осы ребусты дұрыс шешсек, халқымыздың нан туралы айтқан даналық сөзі

шығады.

«Ұйқасын тап» ойыны

Ол тоқ болса әрдайым,

Біз тоятын нан дайын.

Күзде ғана жем іздер,

Бұл үп-үлкен комбайн

Өңеші кең таңдайын,

Дәнге тосты комбайн

Дастарханда шашылып,

Жатыр көп-көп бауырсақ.

Күрең қызыл түсі бар,

Тағамдардың асылы.

Қуат берер күші бар,

Бар қасиет нанда бар.

Ұлағатты сөз

 

1.Дүниеде байлықтың түрі көп. Солардың ішіндегі ең негізгісі–осы нан

байлығы. (Ғабиден Мұстафин)

 

Страница создана: 19.10.2019 15:51
Страница обновлена: 19.10.2019 15:51

Текст