"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тамақтану ережесі

ПАЙДАЛЫ ТАҒАМДАРМЕН ТАМАҚТАНУ ЕРЕЖЕСІ:

1. Бала түрлі тамақ өнімдерін жеуі қажет. Баланың күн сайынғы тамақтану рационы 15-ке жуық түрлі азық-түліктен тұруы қажет. Апта ішінде тамақтану рационы 30-дан кем емес түрлі азық-түліктен тұруы керек.

2. Күн сайын баланың тамақтану рационына келесі азық-түлік болуы қажет: ет, сары май, сүт, нан, жармалар, жаңа піскен көкөністер мен жемістер. Бірқатар азық-түліктер: балық, жұмыртқа, қаймақ, ірімшік және басқа да қышқыл сүт өнімдері, ірімшік - күн сайынғы рационда болуы міндетті емес, бірақ апта ішінде 2-3 рет болуы міндетті.

3. Бала күніне 4 рет тамақтануы тиіс.
4. Йодталған тұзды қолдану қажет.

5. Маусымаралықта (күз-қыс, қыс-көктем) бала жасына сәйкес келетін ұсынылған дәруменді-минералды кешендерді қабылдауы қажет.

6. Оқушының рационын «С» дәруменімен байыту үшін күн сайын итмұрын қайнатпасын қабылдауды ұсынамыз.

7. Асты тыныштықта қабылдау қажет.

8. Егер балада дене салмағы артық немесе жетпейтін болса (бұл ақпаратты мектептің медициналық қызметкерінен алуға болады) дәрігердің кеңесін алу қажет, себебі дене дамуында нормадан ауытқу деңгейін есепке ала отырып, баланың рационын түзету қажет.

9. Спортпен шұғылданатын оқушының тамақтану рационы денеге түсетін ауыртпалықты ескере отырып, түзетілуі қажет.

Тамаққа жемістер, көкөністер, дақылдар, жаңғақтар бар, 50- 55% көмірсудан, 20 -−30% майдан, 15 −20% ақуыздан тұратын тамақ қабылдау ұсынылады.

Ас нашар қорытылады (қабылдауға тыйым салынады):

- Қарын ашу сезімі болмағанда.

- Қатты шаршағанда.

- Ауыру барысында.

- Жағымсыз эмоциялар барысында, мазасыздану және ашулы, қызғаныш болғанда.

- Ауыр дене жұмыс бастар алдында.

- Қатты қалтырағанда және қызып кету барысында.

- Асыққанда.

- Тамақтың артынан сусын ішуге болмайды.

- Тамақтанғаннан кейін тәттіні жеуге болмайды, себебі ас қорытуда блокадалау басталады да, божу процессі басталады.

Ұсыныстар:

- Тамақтануда барлығы шамамен болуы тиіс;

- Ас әртүрлі болуы тиіс;

- Ас жылы болуы тиіс;

- Асты мұқият шайнау керек;

- Көкөністер мен жемістер жеу;

- Күніне 3-4 рет тамақтану;

- Ұйықтар алдында тамақ ішпеу;

- Кептірілген, қуырылған және ашыны жемеу;

- Құрғақтай тамақ жемеу;

- Тәттіні аз жеу;

- Чипсы, кептірілген нанмен және т.б. тамақтанбау.

Пайдалы тағамдармен тамақтану - бұл тұздыны, майларды шектеу, рационда жемістерді, жармаларды, ірі тартылған ұннан пісірілген өнімдерді, бұршақты, майлы емес сүт тағамдарын, балықты, майсыз етті арттыру.

Сондай –ақ…

- Ұстамдылық.

- Төрт рет тамақтану.

- Әртүрлілік.

- Биологиялық құндылылық.

 

Жаңартылған күні: 19.03.2023 12:06
Құрылған күні: 19.03.2023 12:06

Текст