"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіби бағдар жұмысы

Алға негізгі мектебі

Кәсіптік бағдар бойынша мәтіндік есеп

  1. 2019-2020  жылы

-Алға  негізгі  мектебінде түлектерге  арналған  кәсіптік  кеңес  бұрышы  бар.Бұрышта мамандық  таңдау  бойынша  бағыттау  жұмыстары  ұйымдастырылған. Қосымша  білім  беру  жүйесіндегі  кәсіптік  бағдар қызметі  жөнінде әдістемелік нұсқаулықтар бар,  жұмыс  жоспары  жылдың басында құрылып,  бекітілген. «Мамандықтар  әлемі», «Салауатты  өмір  салтын  ұстан» тақырыбында  бағыттау парақшалары бар.

- Мектебімізде  негізгі  мектепті   бітіруші  түлектеріміз – 3 оқушы.

- Оқушылармен  сынып  жетекшісі, директордың  жанындағы  меңгерушілері  бекітілген  жоспар  бойынша  таныстырылымдар  мен  бейнежазбалар көрсетіп,жұмыс  жүргізді. «Мамандық  таңдау-маңызды  іс» атты  дөңгелек үстел, « Менің  таңдауым» атты сынып  сағаттары, «Менің  таңдаған  мамандығым» атты  кеңес  сағаты , кәсіби  бағдар  беру тренингі: « Жүз  жолдың  бірі  сенікі» тақырыбында өткізілді.

- Кәсіптік бағдар  беру  жолында  ата-ананың  да  орны  өзгеше, сондықтан  да  ата-аналармен  де  тығыз  байланыста  жұмыс  жүргізілді. Ата-аналармен  «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында  бірлескен  іс-шара  өтті  және   9-сынып  ата-аналарына  арналған  «Мамандық  таңдау » атты  жиналыстар  өткізіліп,  сауалнамалар  алынды.

- Мектебімізде  Көкшетау  қаласында   оқитын  өз  мектебіміздің  студенттерімен  кездесу  өтті. Кездесу  барысында  оқушылар  көп  мағлұмат  алды.

-  Кәсіптік бағдар  беруді  анықтау  жолында  9 – сынып  оқушыларымен  мамандық  таңдау  жолына  психологиялық  көмек  беру мақсатында  психологиялық  тесттер  өткізіліп , сауалнамалар  алынды  және  жаратылыстану ,гуманитарлық  бағыттағы  білім  пәндері  бойынша  сұрақтарға  жауап  алынып, болашаққа  бағдар  берілді.

Тәрбие  меңгерушісі :                  Бакенова С.К.

Жаңартылған күні: 05.05.2020 22:39
Құрылған күні: 05.05.2020 22:46

Текст