"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар денсаулығы-ұлт денсаулығы.

14.12.2020

Тақырыбы:  Балалар денсаулығы – ұлт денсаулығы.  (Спорттық  іс- шара)

Мақсаты: І. Біліктілігі: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, Эстафеталық ойынға қызығушылықтарын арттыру.

ІІ. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу.

ІІІ. Дамытушылық міндет: Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.

Қажетті құрал жабдықтар: секіртпе(скакалка), тенис шары және ракетка, асық, кітап, арқан, ысқырық.

Жүру барысы:

Кіріспе сөз. Құрметті ұстаздар және оқушылар! Сіздерді «Балалар денсаулығы – ұлт денсаулығы » атты спорттық шарамызға шақырамыз.

Еңкейген кәріден бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талаптанып, соған қоғам да, мектеп те жағдай жасап, денсаулықты сақтауға нығайтуға ат салысумыз қажет. Ол үшін күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауды, жүгіруді әдетке айналдыруымыз керек, сонда ғана егеменді еліміздің мықты азаматы болып өсеміз. Көп адамдар денсаулығына мән бермейді – «Қолда бар алтынның қадірі жоқ, қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай» демекші, салауатты өмір салты туралы біліммен қарулануымыз қажет.

 

Жүргізуші:

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейін.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау.

Біреуі озса сайыста

Біреуі артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады.

Сабырлы да, салмақты

Білімді де, өнерлі

Білікті де жүректі.

«Сіздерге жеңіс тілейік», – дей отырып ортаға екі топты шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

І топ «Сымбат»

ІІ топ «Денсаулық»

а) Таныстыру рәсімі өтеді.

б) Сәлемдесу рәсімі өтеді.

в) Топ ұрандары айтылады.


 

Құрметті ұстаздар және оқушылар! Топтармен таныстық, қазылар алқасын сайладық. Енді құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт-сапар!

1. «Жүгіру»

Сөреден мәреге дейін бар жылдамдықпен жүгіріп бару және жүгіріп кері қайту. Командадағы әр оқушы орындайды.

2. «Секіртпемен серпілу»

Ойыншылар серіппемен(скакалкамен)серпіліп мәреге жетеді, сөреге жүгіріп келеді.

3. «Тепетеңдік сақтау»

Топ капитаны тенис шарын ракеткаға қойып тепетеңдік сақтап сөреге барып келеді.

4. «Асық ату»

Ортаға шеңбер сызылады, ойыншылар шеңбер ортасындағы сызыққа асықтарды тізе қойып атады.

5. «Ептілікті көрсету»

Команда ойыншыларының әр қайсысы кітапты басына қойып ептілікті сақтап мәреге барады да, жүгіріп сөреге келеді.

6. «Шеңбер ішінде тіресу»

Шеңбер сызылады, ішінде екі топтан бір-бір баладан, бір аяқпен екі қолды артқа ұстап тұрады. Белгі берілген соң екі бала шеңбер ішінде тіреседі, шеңберден шығып қалған топ баласы жеңіледі, шеңбер ішінде қалған топ баласы жеңіске жетеді.

7. «Үйрек жүрісімен жүру»

Ойыншылар ысқырық белгісінен кейін үйрек жүрісімен(гусиный шаг) мәреге жетіп, қайта сол жүріспен сөреге оралады.

8. «Қол күрес»

Командалар ішенен ер балалар шығып қол күрестіріп сайысқа түседі.

9. «Серіппемен серпілу қыздар сайысы»

Екі команда бойынша қыз балалар скакалкамен секіріп жарысады.

10. «Арқан тарту»

Ортаға сызық сызылады. Екі команданың ойыншылары арқанды бар күшпен тартып, қарсылас команданың ойыншысын ортада сызылған сызықтан асыруға тырысады.

 

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сөз кезегі әділқазылар алқасында. Әділқазылар сайыстың шарты бойынша қорытынды шығарып, жеңімпазды атайды.

 

Жүргізуші: Міне біздің сайысымыз аяқталып келеді. Топ оқушылары өздерінің күштерін, ептілік пен жылдамдықтарын көрсете білді. «Балалар денсаулығы – ұлт денсаулығы» шарасын қорытындылайтын кез жетті.

 

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Құрметті ұстаздар және оқушылар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет, сау-саламат болыңыздар!

 

 

Просмотров: 365


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст