"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Электр қауіпсіздігі .

02.11.2020

Алға негізгі мектебі .   Тақырыбы: «Электр қауіпсіздігі»

Электр тоғының ерекше қасиеті оның жасырын қатерлері болып табылады.  Яғни электр тоғын көре алмайсын, естімейсін, иісін сезу мүмкін емес. Сондықтан қоршауларға және ескерту белгілеріне қарамастан электр объектілеріне жақындау, кейбір жағдайларда бұл адамдарға қауіптенуді тудырмайды.

Адамның ағзасына электр тоғының әсері әртүрлі болуы мүмкін. Атап айтқанда , тоқтың әсерінен адам денесіндегі ұлпалардың жыртылуы, дененің күюуі, қанның ұюы, жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуы, сол апрқылы жүректің, өкпенің және кейбір бұлшық еттердің тжұмыстары тоқтауы мүмкін екен.

Жұмыс барысында электрлік қондырғылардың тоқ жүретін жерлерінің сыртқы оқшаулағыш қаптамалары зақымдануы мүмкін. Соның әсерінен электрқозғалтқыштың қорабы, станоктар мен стендтердің қораптары, т.б. тораптардың қораптары электр тоғына тұйықталып элктрлік кернеуде болады. Егер ол қораптарға адам жанасса, онда оны тоқ ұрады, тіпті өлтіріп жіберуі мүмкін. Сондықтан электр қондырғыларының металдан жасалған тоқ жүрмейтін бөлшектері жерге тұйықталуы тиіс. Сонда ғана оған жанасқан адамға әсер ететін электр тоғының күші қауіпсіз деңгейге дейін төмендейді.

Электр қауіпсіздігі ережелеріне сай мүлдем рұқсат етілмейтін жағдайлар:

- әуе желілері сымдарының арасына құрылыстар салуға, отын, шөп қаттауға, от жағуға, батпырауықтар ұшыруға;

- әуе жолдары  қорғау аймағында балық аулауға;

- электр шағын станциялары, трансформатор пункттері, әуе желіллері сымдар арасында ойнауға;

- әуе желілері тіреуіне шығуға, ажыратқыштарды бөлуге, сымдарға қандай да бір заттар лақтыруға;

- 8 метрден жақын қашықтықта үзілген сымдарға жақындауға;

- шағын станцияларға, трансформатор пункттеріне кіруге;

- әуе желілері жанындағы ағаштарға шығуға;

- электр шағын  станцияларының аумағынан заттар алуға;

- әуе желілері иіліп тұрған сымдарына жақындауға;

- өздігімен электр құрылғылары мен үй электр өткізгіштерін  жөндеу;

 - тұрымыстық желілерді шамадан тыс жүктеу-бұл қысқа тұйықталуға және өртке алып келеді;

- егер қолдарыңыз су болса, электр құрылғыларына  жақындамаңыз;

- ашық сымдарға жақындауға, қол тигізуге;

- қорғағыш ретінде калибрлік емес ерімтал қосымшаларды падалану керек;

- автоматты ажыратқыштарды пайдалану керек;

Әуе желілерінде және электр құрылғыларындағы ескерпе плакаттарға найзағай суреті бар сары үшбұрышты белгіге «Абайла-жоғарғы кернеу» жжәне «Кірме-өлтіреді» белгісіне ерекше назар аудару керек.

Әуе желілері сымдарының үзілуі кезінде  кернеу қадамдарының пайда болуынан  сақтану үшін 8 метрден кем емес қашықтықта тұйықталу орнына жақындауға тыйым салынады.

Қатты желден кейін балаларды ата-ананың қарауынсыз қалдыруға болмайды, себебі қатты желден электр әуе желілері сымдары залал тигізуі мүмкін.  

Егер де электр тогымен зақымданған болса, тез арада КТП корпусындағы немесе шағын станциялар есігінде көрсетілген телефонға хабарласып диспетчерге хабарлау керек, сонымен қатар 103 нөміріне хабарласып жедел жәрдемді немесе 112 нөміріне  хабарлау қажет.

Егер де сіз әуе желілерінің сымдары үзілуін байқасаңыз тез арада 112 нөмірі арқылы ТЖ немесе электр желіліері аймағындағы диспетчерге хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Сынып жетекшісі: Отарбаева А.С.

 

 

 

Просмотров: 358

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст