"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бірлігі жарасқан ел наурыз тойын тойлады.

29.03.2017

                                Бірлігі  жарасқан 

ел наурыз тойын тойлады.

 

       Наурыз Наурыз – жыл басы,

Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы

мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін

табиғат мерекесі.

Наурыз - адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан

аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын шаруа мерекесі.

 Наурыз –

жыл бойы өткен - кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән - күймен, ойын -

сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін көңіл мерекесі.

Амандық - саулық, ақ тілек, меймандостық, адалдық, молшылық, жалпы

ұлтымызға тән тамаша салт - дәстүрімен паш етілетін Наурыз мейрамын өзіндік сән

- салтанатымен, думанды тойымен, ән - жырымен қарсы алатын мереке.

 Осындай ұлтымыздың керемет төл

мерекесін қалай тойламасқа.  Алға ауылы шағын 

ауыл болсада , өз көңілімізді көтеру үшін , болашақ ұрпақтың келешегі

үшін  ежелден келе жатқан наурыз тойын

тойлауға ел болып атсалыстық. Жылда Алға негізгі мектебінде  наурыз тойын тойлауға ауыл жастары өздері ақша

жинап, ұйымдастырып,сыйлықтар алып,дастархан жайып,  ел еңсесін  бір көтереді.

     Мерекенің 

ашылуының сөз кезектері берілді. Жиналған жұртшылықты

Ұлыстың ұлы күнімен ауылдық  округ  әкімі   Ө.

Досымбеков құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Ұлттық құндылықтарды, озық

салт-дәстүрлерімізді сақтай

отырып, рухымыз биік, тәуелсіздігіміз мәңгілік болуы үшін қолдан келгеннің

бәрін жасау маңызды екенін айта келе, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шара барысында наурыз мерекемен ауыл үлкендері де  құттықтап,ақ жаулықты әжелеріміз шашу шашып,

аталарымыз  батасын берді.

     Мектеп

ұжымы, оқушылар, ауыл жастары  наурыз

тойына  дайындаған концертін  ұсынды. Мектеп оқушылары  «Дастархан » әнін

айта отырып, тамылжыта  билеп  мерекені бастады. 1-сынып  қыздары 

«Ұлпан» биін билеп берсе, «Ұлы тау» биін 2-3 -сынып ұлдары биледі, ал «Әсем»

шағын орталық бүлдіршіндері  тақпақтарын

айтып, «Қара жорға » биін билеп берді. «Қазақы дастарханым », « Мерекем» ,

«Туған жер » әндерін 3-5 –сынып оқушылары орындап берді. Наурыз тойына келген

қонағымыз мектеп түлегі, Біржан сал колледж студенті Ж.Бекенова  құрбысымен келіп, наурыз тойымызда  аспаптарын  алып «Балбырауын», «Жима», «Адай»

күйлерін  қобыз бен домбырада ойнап берді.

Әсіресе  көрермендердің көңілінен шыққан

«Ақжайнақ »әні еді, сонымен қоса барлығы 

қобызда ойналған «Әкеме» әуенімен қосылып әндетті.

   Жиналған қауым Ұлыстың ұлы күні жасалатын

сыйлы ас — наурыз көжеден дәм татып, дастархан басына отырды.Ас ішіп болған

соң, асқа бата беріп,  жұртшылық  далаға бет алды. Спорттық

шара ата-бабамыздан қалған төл спортымыз – арқан тарту, қол күресі, гір тасын

көтеру, күрес,ағашқа өрмелеу 

сайыстарынан өтіп, ат жарыс , көкпар ойындарын тамашалады.  Шара соңында барлық спорттық  жарыстарының, көкпар, ат жарыс   жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталды.

   Осы наурызды 

ұйымдастырған  1991-1992 жылғы

ауыл жастары болатын , атап айтсақ 

Бакенов Ербол, Сманов Ақылбек, Булатов Сексенбай, Хаймульдинов Алмаз,

Хаймульдинов Кенжебек , Каирбек 

Ербатыр,Қоқанов  Олжас атты

азаматтарымызға алғысымыз шексіз. Көптің батасын алды. Елде  бірлік болсын ағайын, бірлік болған жерде

тірлік болады  дегім келеді.

  

              

Ат жарыстан көрініс

 

Қыздар биі «Дастархан»

 

 

 

 

            

    Жазған:     Бекенова  

Алия  Амантайқызы

Просмотров: 291


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст