"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қаныш Сәтпаев -125 жылдығы

18.04.2024

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани[1] (12 сәуір 1899 жылыБаянауыл ауданыПавлодар облысы – 31 қаңтар1964 жылыМәскеу) — геолог-ғалымминерология ғылымдарының докторыпрофессоракадемик.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – Қазақ КСР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Кеңес Одағы мен Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтың тұңғыш академигі. Ол Қазақстандағы ғылыми және техникалық дамудың көшбасшысы болды. Қазақтан шыққан тұңғыш ғылым докторы, Шығыс елдерінің ғалымдары арасында ғылым мен техника саласындағы КСРО алғашқы академигі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының және Қазақстандағы Ленин сыйлығының бірінші иегері болды.

Жезқазған-Ұлытау ауданының жер қойнауын барлауы үшін Ленин орденімен марапатталды (1940). 1942 жылы геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды. «Жезқазған ауданының кен орындары» еңбегі үшін екінші дәрежелі Сталин сыйлығына ие болды (1942). КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1943). «Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер» (1943). Тыл ресурстарын жұмылдыруға қосқан үлесі үшін екінші Ленин ордені мен ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды (1945). Қазақстан ҒА тың және тыңайған жерлерді игеруге қосқан үлесі үшін үшінші Ленин орденін алды (1957). Орталық Қазақстанның кешенді металлогеникалық болжамдық карталарын әзірлеуі үшін Ленин сыйлығын жеңіп алды (1958). Қазақстанның геологиялық ғылымын дамытуға және пайдалы қазбаларды зерттеуге сіңірген еңбегі үшін төртінші Ленин орденімен марапатталды (1963).

1924 жылы 25 жасында ғалым қазақ орта мектептерінің оқушылары үшін араб графикасында «Алгебра» оқулығын дайындады, бұл кітап математикалық білім берудің негізін қалады.

Оның есімі бүгінде ғылыми институттарда, университеттерде және көшелерде мәңгілікке қалдырылған.

Қаныш Сәтбаевтың туған күні 12 сәуір Қазақстанда Ғылым қызметкерлерінің күні ретінде бекітілді.

Просмотров: 21


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст