"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ісік ауруларын алдын алу

06.02.2020

Алға негізгі мектебінде  «Бұған шамам келеді!» (4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күнінен арналған) атты сынып сағаты  өткізілді.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың назарын қатерлі ісік ауруының қауіп-қатеріне аудару, оларға қатерлі ісік тудырушы вирустарға қарсы қолданатын вакциналар туралы мағлұмат беру, сол вакциналар ісік ауруларының алдын алуға мүмкіндік беретінін түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, суретті плакаттар.

Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгін сіздер мен біздер болып «Бұған шамам келеді!» (4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күнінен арналған) атты тәрбиелік мәні бар іс – шараға келіп, қатысып отырсыздар! Сынып сағатымыздың негізгі мақсатын айтып кетер болсам, оқушылардың назарын қатерлі ісік ауруының қауіп-қатеріне аудару, оларға қатерлі ісік тудырушы вирустарға қарсы қолданатын вакциналар туралы мағлұмат беру, сол вакциналар ісік ауруларының алдын алуға мүмкіндік беретінін түсіндіру.

Қатерлі ісік бүкіл әлемдегі өлім-жітімнің басты себептерінің бірі.Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күнін «Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі халықаралық одақ» (UICC) бекітті. Халықаралық күннің мақсаты - қазіргі әлемдегі ең қорқынышты кеселдердің бірі ретінде қатерлі ісік туралы ақпараттандыруды арттыру, оған тосқауыл қоюға, анықтауға және емдеуге назарды аударту. Жыл сайын 4 ақпан күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қатерлі ісікке қарсы халықаралық одаққа аталмыш сырқаттың жаһанға келтіріп отырған ауыртпалығымен күресу амалдарын жылжыту үшін қолғабыс көрсетеді.

1 оқушы: Қатерлі ісік – бұл ісік өмірге қауіпті қасиеттерімен бағаланады. Сол себептен оны «қатерлі» деп атайды. Қатерлі ісік қатерлі ісік жасушаларынан тұрады. Қатерлі ісік жиі обырмен шатастырылады. Oл жасушалардың ретсіз бөлінуімен сипатталады, және де басқа ағзаларға, жиі тіндерге метастаза берумен сипатталады. Бұл ауру генетикалық бұзылу салдарының пролиферация және дифференциацияның бұзылуы болып табылады. Қатерлі ісікті емдеуге бағытталған ем шаралар және дәрі-дәрмектер осы күнге дейін толығымен шешілмеген жұмбақ.

2 оқушы: Ісік туғызушы вирустар, онкогенді вирустар (грек. onkos – масса, ісік, gennao – туғызушы және вирус) – қалыпты эукариот жасушаларын ісік жасушаларына өзгерте алатын қабілеті бар вирустардың бір тобы. Вирустардың қатерлі ісік тудыра алатын қасиеті бар екенін алғаш рет ғылыми тұрғыда француз ғалымы А.Боррель т.б. зерттеген. Одан сәл кейінірек америкалық онколог Ф.Раус тауықтарда болатын саркома ауруын тудырушы вирусты алғаш ашты (Нобель сыйлығы, 1966). 1932 – 33 ж. америка ғалымы Р.Шоуп үй қояндарындағы вирусты фиброма мен папилломаны, 1936 ж. неміс онкологы Дж. Битнер тышқандардың сүт безіндегі қатерлі ісік тудыратын вирусты, ал 1951 ж. неміс ғалымы Л.Гросс тышқандарда лейкоз тудыратын вирусты анықтап, сипаттап жазды. Онкогенді вирустардың сырын ашуға, орыс ғалымы Л.А. Зильбердің (1894 – 1966) қатерлі ісіктердің пайда болуының вирусты-генетикалық теориясының ашылуы негіз болды (1949). Қазіргі кезде табиғатта 600-ден астам ауру тудыратын вирустар анықталған. Бірақ олардың 1/4-і ғана жануарларда ісік тудыра алатыны белгілі.

Мұғалімнің сөзі: Алдарыңызға келесі видеоны ұсынуға рұқсат етіңіз.

3 оқушы: Қатерлі ісік неден пайда болады? Жалпы, ДДҰ сарапшыларының бағалауы бойынша, 30 пайыз жағдайда қатерлі ісіктің пайда болу қаупін дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану және шылым шегуден бас тарту есебінен алдын алуға болады. Бұдан бөлек, мамандар теріге ультракүлгін сәулелердің әсерін төмендету мақсатында солярий қабылдау санын азайту керек екендігін айтады. Қазіргі деректер бойынша өкпе қатерлі ісігінің 35 пайызы темекі шегуден пайда болады. Темекі түтінінің құрамында өте қауіпті зат-бензопирен бар. Күніне 20-30 талын шеккен адамда ол көбейіп, өкпені зақымдайды. Содан ісік туындайды. Бензопирен қуық қатерлі ісігін де тудырады екен. Ал өңеш қатерлі ісігі (оны халқымыз қылтамақ деп атаған) тағамды-шайды, кофені, майлы сорпаны өте ыстық күйінде ішкеннен, қақталған, қуырылған, тұзды, ащы және қатты тамақтарға әуестіктен, тамақты әбден шайнамай жұтудан, күйдірген майды бірнеше рет қолданудан пайда болатын көрінеді.

4 оқушы: Қазіргі таңда мемлекет тарапынан онкология саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Елбасы Н. Назарбаевтың 2012 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын. Осы бағдарлама аясында онкологиялық көмекті дамытудың 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар анықталды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты -онкологиялық аурулардан халықтың өлімін төмендету арқылы өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыру. Ол үшін ерте диагностикалау бағдарламаларын (скринингтерді) дамыту арқылы онкологиялық аурулардың профилактикасын жетілдіру; ғылыми негізделген тиімділікпен диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістеріне қолжетімділікті арттыру; онкологиялық науқастарға оңалту және паллиативтік көмектің қазіргі заманғы жүйесін құру қажет. Бағдарлама бойынша медициналық көмекті қолжетімді ету мақсатында Астанада ғылыми-онкологиялық орталық салынады. Сондай-ақ, аймақтарда бес жоғары технологиялық мекеме ашылады. Барлық онкологиялық диспансерлер заманауи аппараттармен және  қондырғылармен жабдықтау көзделген. Ал, аудандық және қалалық емханаларда онкологиялық және маммологиялық, аймақтық онкологиялық диспансерлерде амбулаторлық химия терапиясының кабинеттері жұмыс істемек.

5 оқушы: Бүкiләлемдiк қатерлі ісікпен күресу күні қарсаңында елімізде онкоаурудың алдын алу бойынша скрининг жүргiзiледi. Қазақстанда жыл сайын 30 мыңға жуық адамға қатерлі ісік диагнозы қойылады екен. Медиктер онкоауруды дер кезінде анықтау үшiн скрининг тексеруден өтуге табанды кеңес бередi. Әлемде жыл сайын 12 миллионға жуық адам бұл қауіпті ауруға шалдығады, олардың 7 миллионы осы дерттен көз жұмады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2020 жылы онкоаурумен аурып, қайтыс болу көрсеткіші екi есе ұлғаяды. Қатерлі ісікті бастапқы кезеңінде анықтау аса маңызды. Соған орай, елімізде 1 ақпаннан бастап 10 күн бойы онкоауруларды анықтау бойынша профилактика декадасы өтеді. Ендi кез келген адам өз мекен-жайы бойынша емханада скрининг тексеруден тегiн өте ала алады.

6 оқушы: Бүгінгі таңда Қазақстанда аталған дертке  шалдыққан әйелдер саны он мыңнан асса, өткен жылы осы дерттің салдарынан 655 қыз-келіншек көз жұмыпты. Жатыр мойыны қатерлі ісігіне шалдыққан әйелдердің 16 пайызы бір, ал 40 пайызы бес жылдан артық өмір сүрмейді екен. Қазір дамыған елдер осы дертпен күресуді жолға қойған. Біздің елімізде  аталған аурудың алдын алу мақсатындағы  шараларды жүзеге асыра бастады. Биылдан бастап еліміздегі 11-12 жастағы қыз балалар жатыр мойыны қатерлі ісігіне қарсы егілмек.  Осы ауруға, яғни адам папилломы вирусына қарсы вакцинация шараларына республикалық бюджеттен 2,7 миллиард теңге бөлініпті. Біздің облысқа бөлінген 480 миллион теңге  осы жастағы он мың қыз баланы егуге жұмсалмақ.

Қорытынды: Оқушылар қатерлі ісік ауруы, оны туғызатын вирустар мен сол вирустарға қарсы вакциналар туралы мағлұмат алды. «Қатерлі ісік неден пайда болады», «Қатерлі ісік ауруының алдын алу», «Екпе ем бе, әлде дерт пе?» сынды маңызды сұрақтар талқылауға алынды. Қатысушылардың барлығы қарастырылған сұрақтарға өз ойларын ашық айтып, пікір алысты.

 

 

 

Просмотров: 529


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст