"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1-желтоқсан -Тұңғыш Президент күні!

21.12.2021

1 желтоқсан  -  «Елін сүйген -Елбасы» атты сынып сағаты

Сабақтың мақсаты:   1 желтоқсан  -  «Тұңғыш Президент күні» мерекесін сезіне отырып, елімізде жас ұрпаққа білім беру саласында жасалып жатқан игі істер туралы мағлұмат беру; Республикамыздың дамуы, ондағы халықтар достығы, елбасымыз    Н. Ә. Назарбаевтың өз елінің өркендеуіне байланысты жүргізіп отырған саясатымен таныстыру; ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің  және тәуелсізділіктің  құндылықтарын жеткізу;  Ел рәміздерін қастерлеуге, заман талабына сай жан-жақты, білімді, жігерлі және Отанын, туған жерін, халқын сүйетін тұлға  тәрбиелеу.

Өткізген : 2-сынып жетекшісі  Отарбаева А.С.

 

Көрнекілігі:   тақырыптық буклет, ел рәміздері, слайдтар.     

Сабақтың барысы

 І . Ұйымдастыру бөлімі.

 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:  

       Республикамызда тыныш өмір сүріп жатқан әр түрлі ұлт өкілдері бір-бірімен дос, бауыр. Сондай – ақ, жас ұрпақтың жақсы, терең білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келеді. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті іс-қимыл, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Еліміздің ертеңі, болашағы – сендерсіңдер.Сондықтан білімді, тәрбиелі, іскер, талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық!

 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.

1960 - 1969 жылға дейін Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді. 
 1969 – 1973 жылға дейін Қарағанды облысы, Теміртау қаласында партия, комсомол жұмыстарында.
 1973-1977 жылдары - Қарағанды металлургия комбинатының партия комитетінің хатшысы. 
 1977-1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы. 
 1979-1984 жылдары - Қазақстан Орталық партия Комитетінің хатшысы. 
 1984-1989 жылдары - Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 
 1989-1991 жылдарда – Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.

1990 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасының Президенті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы

Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы

2. «Миға шабуыл» (блиц-сауал)

1.     Қазақстан халқының мемлекеттік тілі?

         /қазақ тілі/

2.Қазақстан Республикасының рәміздері:

         /елтаңба, ту, әнұран/

3.Қазақстан халқының ұлттық валютасы:

         / теңге/

4.Қазақстанның бас қаласы:

         /Нұр-Сұлтан /

5.Әнұран қалай айтылады?

         /қолды жүрек тұсына қойып тұрып айтылады/

6.Нұр-Сұлтан қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?

          /Есіл/

7.Мерекелерде, спорттық жарыстарда рәміздің қай түрі жоғары көтеріледі?

          /ту/

8.Әнұранның авторлары:

         / Шәмші Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев/

9.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

         /Т. Әубәкіров/

 

    ІІ. Негізгі кезең.

1.     Сөзжұмбақ шешу (рәміздерге шолу)

 

1)          1830 жылы орыс әскері бірінші қай өзеннің бойына тоқтады?

2)          Мемлекеттік мереке және қандай  мереке бар?

3)          1997 жылға дейін Астана қаласы қалай аталды?

4)          Семей және Өскемен қалаларынан ағып өтетін өзен.

5)          Ұлттық мереке

6)          Н.Ә.Назарбаев кім?

7)          Қазақстан неше елмен шектеседі?

8)          Музыкалық аспап.

 

 

 

 

н

 ұ

Р

а

 

 

     

 

к

Ә

с

і

п

т

і

к

 

а

қ

М

о

л

а

 

 

е

р

т

І

с

 

н

а

у

р

ы

З

 

п

р

е

з

и

Д

е

н

т

 

 

б

Е

с

 

д

о

м

б

ы

Р

а

 

                             

 

 -Жақсы, балалар, қандай сөз шықты?

-Рәміздерге не жатады?

-Қазақстан  Республикасы президентінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы жарлығымен  мемлекеттік символдар бекітілді:

·        Қазақстан Респуликасының мемлекеттік Туы,

·        Қазақстан Респуликасының мемлекеттік Елтаңбасы,

·        Қазақстан Респуликасының мемлекеттік Әнұраны

        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ГЕРБI, елтаңба    — Қазақстан   Республикасының   негiзгi   мемлекеттiк     рәмiздерiнiң  бiрi.                                ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заңды күшi бар Жарлығымен  белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан   ҚР мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.

          ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық  заңды күшi бар Жарлығымен (24.01.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту- көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.

 

        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ӘНҰРАНЫ

          Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

         Әні: Шәмші Қалдаяқов
 

2.     «Нұр-Сұлтан жайлы ой қозғау»

  3.     «АТА ЗАҢЫМ - ЕЛДІГІМ»

  •      Қазақстан тәуелсіздігін нығайту үшін ең алдымен Конституциясын, мемлекеттік рәміздерін анықтап, бекіту қажет еді. Әр мемлекеттің қалыпты өмір сүріп, тұрақты дамуы үшін өз заңдары болады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Президенттің төрағалығымен Ата Заңды дайындау мақсатында арнайы комиссия құрылды.

•      1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4 бөлімнен, 21 тараудан тұрды.

•      1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық рефердум нәтижесінде Қазақстанның жаңа екінші Конституциясы қабылданды.  9 бөлімнен, 98 баптан  тұрады.

•      Қазақстанның Ата Заңында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және оның құқықтары мен бостандықтары делінген.  

             ІІІ. Қорытынды:

Тренинг: «Ақ тілектер»

-Менің еліме деген тілегім қандай болмақ?

-Балалар бақытты болсын!

-Еліміз тыныш болсын!

-Экономикасы дамыған ел болсын!

-Балалар білімді болсын, мәдениетті болсын!

                                                                      

 

 

Просмотров: 420


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст