"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздік жетістіктері.

21.12.2021

Сынып сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздікке 30 жыл. Тәуелсіздік жетістіктері»

Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың бойына отансүйгіштік сезім ұялату, ҚР Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімен таныстыру .Ұйымдастырушы ағылшын тілі мұғалімі Бекенова А.А                                    

Сәлеметсіздер ме, балалар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы « Тәуелсіздікке 30 жыл. Тәуелсіздік жетістіктері» деп аталады.

Жүргізуші: Ағыл да тегіл арындап арман ағысы, Бүтіндеп бойын бүрленді бүкіл бақ іші. Жанданып жатыр жарасын жалап жазатын Табанын тұздан тоздырған түздің тағысы. Қағанаттардан Қазақстанға жеткендей, Қамшы салдырмас қазанаттардың шабысы.

Оқушы: Айбаты асқақ арыстандайын алыстым, Абылай болып жаныштым мысын Шарыштың. Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек – алты алаш үшін құрбаны болған Намыстың. Қайрат пен Ербол, Сәбира, Ләззат көз жұмған Желтоқсандағы ызғарлы желмен қағыстым.

Оқушы: Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бергі жетістіктеріне арналады. Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады. Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл. «Тәуелсіздікке 30 жыл. Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне арналады.

Оқушы: Тәуелсі Қазақстан дегенде оның рәміздері бірден еске түседі. Соның ішінде әнұранның орыны ерекше. Әнұранды айтқанда баршамыздың жүрек түкпірімізде ерекше бір сезім пайда болды. Жүрегімізді кеуде тұсына қойып, рухтана шырқалатын әнұран ерекше бір мақтаныш сезімін тудырады.

ӘНҰРАН ойналады.

Оқушы: Балалар біздерміне арнайы топқа бөлініп отырмыз. Әр топтың өз атауы бар. Ендеше кезекті өздеріңізге берейік.

1-топ. Қазақстанның жетістіктері:

1991 жыл:

- 1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

- 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз,демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды.

- 2-қазанда Байқоңырдан «Союз-ТМ-13» кемесімен ғарышқа қазақтың тұңғыш ғарышкері Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы ұшты.

- 29-тамызда ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны жабылды.

1994 жыл:

- Талғат Мұсабаев «Союз ТМ6» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.

- 5-желтоқсанда Будапештте Ұлыбритания, Рессей және Америка Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды.

- Наурыз айында ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев Еуроазиялық Одақты құру жөнінде мәселе көтерді.

- ҚР парламенті стратегиялық маңызды «Мұнай туралы» заң жобасын қабылдады.

1995 жыл:

- ЮНЕСКО шешімі бойынша ақыл-ойдың данышпаны қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы атап өтілді.

- 1-наурызда Қазақстан Республикасының президентінің Қазақстан халықтары ассамблеясын құру туралы жарлығы шықты.

- 30-тамызда еліміздің Ата Заңы жаңа Конституция қабылданды.

1996 жыл:

-25 мамырда Қазақстан Республикасы және Рессей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.

- ұлы ақын,жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың жылы деп аталып өтті.

1997 жыл:

- Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы және қуғын-сүргіндерді еске алу жылы болып саналды.

- -20-маусым «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды.

- Көші-қон және демографиялық агенттігі құрылды.

- 10-желтоқсан Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.

- ҚР «Тіл туралы» заңы қабылданды.

- Білім заңы қабылданды.

- 11-желтоқсан Қазақстан халқына «Қазақстан 20-30» жолдауы қабылданды.

2002 жыл:

- Елімізде денсаулық жылы болып жарияланды

- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ЕурАзЭК Мемлекетаралық Кеңесінің Төрағасы лауазымына сайланды.

- «Астана-Бәйтерек» монументі салынды.

- Алматыда Давос аясындағы Еуразиялық экономикалық саммит өткізілді.

- Түркістан қаласында қазақтардың Екінші дүниежүзілік құрылтайы болып өтті.

2013 жыл:

- «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.

- 2013 жылы EXPO 2017 өткізу құқығын алдық.

2016 жыл:

- Тәуелсіздікке 25 жыл толды.

- Қостанай қаласына 80 жыл толды.

- Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл

- Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы аталып өтті

- Қазақстандықтар олимпиадада барлығы 17 медаль (3 алтын,5 күміс,9 қола) алып, ел спорты тарихында жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

2017 жыл, Астана қаласында ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі өтті.

2018 жыл, Елбасы Н.Назарбаевтың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауы жарық көрді.

2019 жыл, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы болып өтті, дауыс берудің 70,96% нәтижесімен Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы президент етіп тағайындалды.

2020 жыл, ҚР Конституциясына 25 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл, Абай Құнанбаевтың туғанын 175 жыл, Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 75 жыл толды.

• 2021 жыл, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл;

• Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл;

• Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 180 жыл;

• Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл;

• Қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына – 160 жыл;

• Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына – 155 жыл;

• Қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл;

• Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл;

• Этнограф, өнертанушы, әдебиетші, журналист, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің туғанына – 80 жыл.

2-топ. Тәуелсіздік ақын шығармаларында

3-топ. Тәуелсіздік туралы ұлылар не дейді?

Оқушы: Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 35 жыл толып отыр.

«Мен — қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға «Алаш» деген атты аламын» — деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

Оқушы: Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?

Оқушы: Ендеше осы оқуға жайлы бейнефильмге назар аударайық.

Оқушы: Міне осындай аянышты тағдыр

 

Просмотров: 481


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст