"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие сағаты: «Өз жеріңді таны»

26.02.2021

Тәрбие сағаты: «Өз жеріңді таны» тақырыбында тарих пәні мұғалімі Бекенов Айтым Аскарович  5-9 сынып оқушыларымен өткізді.

Сабақтың мақсаты:  туған ауылымыз жайлы мағлұмат беру, болашақта туған елімізді, тілімізді, жерімізді аялауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: әдеби-көркем монтаж.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, слайдтар, плакаттар, шарлар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар  «Өз жеріңді таны» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Сондықтан тәрбие сағатымызды еліміздің әнұранымен бастайық.

Әнұран.

1 оқушы

Туған қалам Астана бұл көрікті,

Барша адамдар сұлулығын көріпті.

Астананың сұлулығын жырлайды,

Табиғаттың әсем үнін тыңдайды.

2 оқушы

Айналаға көз жүгіртіп қарайын,

Осынау бір әдемі өлең арнайын.

Ұлы ақындар туған жер,

Ертісімнің сұлулығы тұнған жер.

 Ән:  «Астана».

Көрініс:  Қобыздың үні. Ата орындыққа отырады. Осы кезде немересі шығады.

Немересі: «Ата, не ойлап отырсыз?». Атасы: «Ә, балам, атан не ойламайды дейсін? Сенің болашағынды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы ойлаймын, қуанамын!!!». Немересі: «Ата, «өткен өмір» деген сонау ата-бабаларымыздың ерте кезден  бері өткен өмір жолы, тарихы ма?». Немересі: «Ата біздің қала Семей  қандай болған?». Атасы: «Енедеше тыңда балам, атаң бір сөйлесін». (Қарт ойланып алысқа қарап кетеді).

 Слайд. Ауыл тарихы.

 Отан  5 оқушы

Біздер үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз

Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?!

Кіндігіміз тар қапаста кесіліп,

Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз.

6 оқушы

Отан өлсе опырылып түскенің

Күніреніп көрге бірге құларсын

Біздің Отан өліп, қайта тірілген

Біздің Байрақ құлап, қайта тігілген.

Мұғалім: Балалар бүгін «Өз жеріңді таны» атты тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз. Еліміз гүлденіп, көркейе берсін.  Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді асқақ бола берсін. Көңіл қойып тындаған қонақтарымыз, аяулы ұстаздар, ата-аналар, алтын уақытарынызды бөліп келгендерініз үшін, ітипат-ниеттерініз үшін сіздерге зор алғысымызды білдіргіміз келеді. Осымен сабағымызды әдеттегідей музыкалық қоштасумен аяқтаймыз.

Музкалық қоштасу.

Ән: «Туған ел!». 

 

 

Просмотров: 1150


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст