"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

« Әдебиет білімпаздары» викториналық ойыны.

04.02.2021

« Әдебиет білімпаздары» викториналық ойыны Шәкәрім Құдайбердіұлына арналады.
Мақсаты:
оқушыларды әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, олардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту арқылы таным, білім дағдыларын қалыптастырутілін құрметтеуге және әдебиетті сүюге баулу,
Көрнекілігі: интерактивті тақта жазушылардың  фотосуреттер,
  - Бүгінгі біздің «Ғажайып әдебиет әлемі» атты  ойы ға қош келіпсіздер!
Сендер қазақ әдебиетінен қаншалықты білімдерін бар екендеріңді осы ойында көрсетесіңдер.  Сайысты бастамас бұрын әділқазылармен таныстырып өтейін. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады. Әр кезең 1-5 ұпай аралығында бағаланады.
(Тапсырмалар слайд арқылы көрсетіледі)

Ұйымдастырған қазақ тілі, әдебиет пәні мұғалімі Бекенова Алия Амантаевна.

Сайысқа қатысушы топтармен таныстық , ендеше , балалар
Қарап тұрмай бәйгеге сіз еніңіз,
Сұрақтарға нақты жауап беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз, - дей келе біз алғашқы сайысымызды бастаймыз.

                                                            I кезең  «Бәйге»

1топ

1Көркем шығармада кейіпкердің мінез құлқын, сенім-нанымын, қөзқарасын суреттеу  

Мінездеу

2  « Менің атым Қожа» повесті кім жазған? Бердибек Соқпақбаев

3 «Тіл тағвһылымы» , «Маса», «Қырық мысалдың авторы»  ? Ахмет Байтұрсынов

4  2015жылғы «Бір ел -  бір кітап» акция бойынша тандалған жазушы және оның шығармасы ? І. Есенберлин «Көшпенділер»

5 «Мен қазақ»өлеңі кім жазды? Сұлтанмахмұт Торайғыров

6 Сәкен Сейфулинның шын аты? Сәдуақас

7 Шерхан Мұртазаның  «Бала Тұрар» әнгімесіндегі Тұрардың тегі? Рысқұлов

8 ХХ ғасыр Гомері атанған ақын кім? Жамбыл Жабаев

9 Мына өлең жолдары қай шығармадан алынған?

Тұранның елі,шексіз шөлі қандай?

Теңіздей кемері жоқ көлі қандай?  М Жұмабаев «Түркістан»

10 М. Мақатаев жырлаған үш  бақыт ? халық, тіл, Отан

2топ

1 Шығармадағы кейіпкердің кезектесіп сөйлеуін қалай атайды? Диалог

2 Шерхан Мұртазаның «Қызыл Жебе» романынан келтірген үзінді қалай аталады? Бала Тұрар             тұтқын бала

3 Абай туралы төрт томдық  роман-эпопеясын жазған  ұлы  жазушы? М.Ауезов

4 2014 жылғы «Бір ел -  бір кітап» акция бойынша тандалған жазушы және оның шығармасы ?  С. Мұратбеков «Жусан иісі»

5 «Манас»  жыры қай халқының жыры ? қырғыз

6 «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» дастандарын жазған ақынды атандар ? Ж.Жабаев

7 Ей! Кімсің? Тірісің бе?Аққуды негек атасын ,арын бар ма? Бұл қай шығармадан алынған және қай кезде айтылды?  М.Макатаев « Аққулар ұйықтағанда»

8 «Сен ұйықтап жатқанда» мәтінің авторы кім? Бердибек Соқпақбаев

9 Тұнғыш қазақ әліппесі қай тілде жазылған? араб

10 М.Жұмабаевтың  «Мен жастарға сенемін»  қалай басталады? Арыстандай айбатты..

                                              II кезең  «Сен білесін бе?»

 

1Сурет бойынша жазушыларды айту

2 Бұл кім?

 

 

Ойынның шарты:  Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолы топ

жалғастырады. (осы кезеңде қай топта ұпай аз болады сол топ ойыннан шығады)

 

1 – топ :  Тапқыр тобы. 

1. андамай сөйлеген...(ауырмай өледі)

2. Батыр туса ел ырысы,   …

(Жаңбыр жауса жер ырысы)

 

2-топ: Намыс тобы.

Асыл тастан шығады,    …

Өнер жастан шығады.

 

2.Мектеп кеме, (білім теңіз)

Оқу инемен …. (құдық қазғандай)

 

1-топ: 1. Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде……………………

2.Басқа пәле ...(тілден)

Қына тасқа бітеді ...(білім басқа бітеді)

 

2-топ: 1.Тіл тас жарады..(тас жармаса бас жарады)

2.Он пәленің (тоғызы тілден)

 

 

 

III кезең: Мәтін мазмұнына сай мақал – мәтел айту.

Мәтіннің мазмұнын мұқият тыңдап алып, мазмұнына сай мақал айту. Яғни, тоқсан

ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек.

                         І топ.      Алты түлкі

        Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын   бес түлкі :

-«Сенің құйрығың жоқ» – деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.

- «Біз бір жақсы ойын ойнайық» – деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге :

- «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты. (күлме досқа, келер басқа)

                         ІІ топ.     Атасы мен немересі

Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен қалтыраушы еді.

Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.

Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» -дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»-дейді.

Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды

(Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)

ІІІ топ.       Шибұт, Қылмойын, Қарынбас.

Қарынбас, Қылмойын, Шибұт үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойыпты. Тоқтыны бұзып,етін қазанға салайын деп жатады.Қарынбасқа жынын төгіп кел деп қарынды беріпті.

Қарынбас қарынды тысқа алып шығады. Сол кезде қара шыбындар қарынға да, Қарынбастың басына да үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, Қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан тапсырыпты.

Қарынбас қалайша кешікті деп, Шибұт далаға шығады. Өліп жатқан Қарынбасты көре салып;

Әй, Әттеген-ай!- деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши бұты шырт етіп, ол да мүрдем кетіпті.Шибұттың даусын естіп,Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі жолдасын көреді де;

-Ойбай! Бауырым-ай!-деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетіпті

(Ұрлық-түбі қорлық)

ХІ. Қорытынды.

Қазылар алқасы әр сыныптың ұпайларын айтты. Құрметті балалар,  міне бүгін сендердің мынадай талапты, салт- дәстүрімізді жалғастырушысы екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!- деп қорытындылады..

Просмотров: 1512


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст