22.10.2024
        ⚜️⚜️ҚАРТТАРЫМ - АСЫЛ ҚАЗЫНАМ⚜️⚜️
⚜️Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, адамға жақсылық жасау,қайырымдылық,  құрмет көрсету, олардан өнеге алу біздің ата бабамыздан келе жатқан тәрбиеміз,салт-дәстүріміз. «Қарты бар үйдің, қазынасы бар» деген керемет қанатты сөз бар халқымызда. Бәріміз білеміз 1 қазан қариялар күні  Яғни осы айлық аясында  1-қазан   Қарттар  күні  өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері «Үлкенге құрмет-кішіге ізет» көрсету мақсатында  АУЫЛЫМЫЗДЫҢ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІН БАРЫП құттықтап, сыйлық сыйлап  қайтты. Өскелең ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын ата-әжелеріміз қашанда құрметке лайық. “Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер” - демекші, ата-әжелеріміз оқушыларға ақ жол, ізгі ниет тілектерің білдіріп, ақ батасын берді.