"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бақытты балалық шақ .

14.02.2020

Сабақтың тақырыбы: «Бақытты балалық шақ»

 Сабақтың мақсаты:Балалық балдырған шақтың қызықтарын балаларға түсіндіру.Ой-өрістерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,сөйлеу, тілдерін жаттықтыру.

 Тәрбиелік мақсаты:  Балаларды жақсылыққа, инабаттылыққа, ата-анаға мейірімді болуға, туған жерге, айналадағы заттарға,ұқыпты болуға тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: гулдер, шарлар, стикерлер,плакаттар

 І. Ұйымдастыру

 Мұғалім:  Балдаурен -балалықтың балғын күні,

Балдаурен- қуаныш пен  шаттық үні.

Балдаурен бақыт кешкен балдырғаның,

Жайраңдап қырда ашылған қызыл гүлі.

 Мұғалім: « Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі,ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір!«Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз айтқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтанда әр бір қараша үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттерді мүмкінділігіше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады. Балалар сендер өздеріңді не үшін бақытты балдырғанбыз деп ойлайсындар?

Оқушы: Біздер өзімізді бақытты балдырғанбыз деп санаймыз, өйткені біздің сүйікті отанымыз, қасиетті ана тіліміз, ардақты да аяулы ата –анамыз бар. Осының бәрін ардақтай білуге, біздің алтын ұя мектебіміз бен аяулы ұстаздарымыз үйретті.

Оқушылар салған суреттерімен таныстырып өтеді.

 «Әдепті бала» өлеңін оқушылар кезекпен айтады

I      Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді,

Не деп барып жеу керек?

Барлығы: «Рахмет апа» деу керек.

 

 II      Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу-айқай.

Сенде шықтың көршіңді,

қағып кеттің байқамай.

Мұндайда не деу керек?

Барлығы: «Кешіріңіз» деу керек.

 

  III     Осы келген бетіңде,

Допты қүдың жарыстың.

Көшенің сол шетінде,

Кезекті бір танысың.

Ұмыттың сен не деуді?

Барлығы: «Сәлеметсіз бе » деу керек

 

IV       Үй артында қоқысты,

Жатқан көптен үйіліп.

Тазалайды қарт кісі,

Белі зорға иіліп.

Не дегенің жөн еді?

Барлығы:«Көмектесейін» деу керек.

 

Жүргізуші: «Мақал сөз атасы»

Оқушы: Адамдықтың белгісі- иіліп сәлем бергені.

Оқушы: Жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік.

Оқушы: Әдепті бала ата-анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Оқушы: Аулақ жүріп, жаман қылық, әдеттен

Үйренеміз жақсы мінез әдептен.

Жүргізуші:Ойын «Бақытты бала»

Ойының шарты: Сапқа тұрып допты бір-біріне берген кезде, балдаурен балалық шақ, достық, адамгершілік қасиеттері туралы сөздер айтулары керек, мысалы:достық, бейбітшілік, шыншыл, ұстамды, әдепті,жанашыр, мейрімді, адал, бақытты, қуанышты.т.б

Жүргізуші:Тыныштық баршамыздың ұранымыз,

Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз.

Арманның асқарына қанат қаққан,

Бақытты бейбіт елдің ұланымыз

-деп бүгінгі кешімізді аяқтай келе «Мен бақытты баламын» деген сөзге байланысты стикерге өз себебіңді бір сөзбен түсіндіріп жаз.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 14.02.2020 18:42
Құрылған күні: 14.02.2020 18:42

Текст