"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА АЛГА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақкөңілділік. ашық сабақ

14.02.2020

Пән: Өзін – өзі тану                                        

Мектеп: Алға  негізгі  мектебі

Күн: 04.02.2020

Мұғалім: Курумбаева  А.С.

Сынып: 3

Оқушылардың саны:

Тақырып: Ақкөңілділік туралы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, бауырмалдық, татулық.

Мақсаты: Оқушыларға ақкөңілділік адамның ең ізгі қасиеттерінің бірі екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Оқушыларға айналасындағы барлық адамдарды жақсы көрудің маңызын ұғындыру;

2. Оқушылар бойындағы татулық  қасиеттерін дамыту;

3. Оқушыларды бәрін жақсы көруге, бауырмалдыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті. «Орманға серуен»

    Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді және қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз.  Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Рахмет.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтың 94-95 беттеріндегі Е. Өтетілеуовтың «Мейірбан» әңгімесін оқу.

Сұрақтар:

1. Апасы Мақсатты қайда жұмсады?

2. Мақсат қандай бала? Неге?

3. Өзің айналаңдағы адамдарға ақкөңілділігіңді қалай білдіріп жүрсің?

5 «Т» ережесі:

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Дәйексөз

«Ақкөңілділік – адам ойының тазалығының көрінісі.»

                                                                    Жүсіп Баласағұни

 

Сұрақтар:

1. Ақкөңілділік адамға не үшін қажет?

2. Ақкөңілділікті адам бойындағы тағы қандай қасиеттермен салыстыруға болады?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

   Ақкөңілділік – адамның жақсы қасиеті. Ақкөңіл адам басқаларға тек жақсылық ойлап, жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақкөңіл адамның жүрегі жұмсақ, жаны нәзік, көңілі дарқан. Ондай адамдарды өзара сыйласымынан, ақ ниетті әрекеттерінен, жақсылыққа құштарлығынан, жанашырлығынан тануға болады.

Ұлдар 2 рет, қыздар 2 рет, барлығы 2 рет қайталайды.

 

  1. Әңгімелеу

Ақылды егінші

   Бір күні патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 теңге үшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша егіншінің жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтыннан көп еді. Егінші, патшаның таң қалғанына қарап:

–Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көп те болады. Мен ақшамды үшке бөлемін, – дейді.

– Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп, қор жинаймын, – дейді.

Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді. Ақкөңіл диқан күлімсіреп былай дейді:

– Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенім, бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім, бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін. Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған жағдайда, олар маған көмектеседі деп үміттенемін. Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын, – дейді.

Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Намысты шаруаның балаларының біліміне төлейтін ақшаны өз мойнына алады.

   Балалары да ер жеткен соң білімді, ақылды азаматтар болып, халқына қолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіп, егіншінің үмітін ақтапты.

Сұрақтар:

  1. Егінші ақшасын қалай жұмсайды?
  2. Егіншінің бойында қандай адамгершілік қасиеттер бар?
  3. Патша не үшін риза болды?
  4. Егіншінің балалары үмітін ақтады ма?
  5. Ата-аналар алдындағы парыздарыңды орындап жүрсіздер ме?

 

  1. Шығармашылық жұмыс

1-топ: «Ақкөңілділік» сөзіне кластер құру.

2-топ: 3 D  кітап жасап, әңгіме құрау.

3-топ:  Өлең құрастыру.

   ____________       баламын,

   ____________       аламын.

   ____________       қуантып,

   ____________       қорғаймын.

 

   _____________       баламын,

  _____________       тұрамын.

  _____________       ренжітпей,

  _____________       шығамын.         

 

 

  1. Топпен ән айту

«Жас дәуірдің гүліміз»

Сөзі: Ибрагим Нүсіпбаевтікі

Әні: Ермек Өтетілеуұлынікі

 

7. Үйге тапсырма

Оқулықтың 98- бетіндегі «Атымтай Жомарт» мәтінін оқу.

 

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті

  Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет!  Сау болыңыздар!

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 14.02.2020 18:46
Құрылған күні: 14.02.2020 18:46

Текст